The website color
Distance between letter distance
Images
17.05.2022

Халықтың референдумға деген қызығушылығы жоғары


Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. Мәжіліс үйі. Алдағы референдумның жай-жапсарын түсіндіру, насихаттау мақсатымен Мәжіліс депутаттары  Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Самат Ақышев Қостанай қаласында AMANAT  партиясының бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен арнайы семинар  өткізді.

Бүгінде Қостанай облысында 263 бастауыш партия ұйымдары  жұмыс істейді. Олардың құрамында 1700-ден астам партиялық топ бар.

– Біз барлық сала өкілдерімен кездесіп жүрміз. Оның ішінде шалғайдағы елді мекендерді де қамтуға тырысып жатырмыз. Осы кездесулерде көз жеткізгеніміз халықтың алдағы референдумға деген көзқарасы жақсы, қызығушылығы жоғары. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер де мазмұнды, –Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әлия Сапарова.

 Өз кезегінде семинар жұмысына қатысушылар референдумның тарихи және саяси маңызына назар аударып, оны қолдайтындарын жеткізді.

Сондай-ақ осы күні Мәжіліс депутаттары Сәлімжан Нақпаев, Нұрлыбек Ожаев және Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысындағы «Атырау Жылу Электр Орталығы» ұжымымен кездесіп, тақырып төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

Депутат Сәлімжан Нақпаев саяси жаңғыру бағытындағы бастамалар және  алдағы саяси іс-шараның маңыздылығы туралы айтты. Әсіресе, билік тармақтарының өкілеттіктеріне қатысты жан-жақты баяндалды.

(AMANAT партиясының Қостанай және Атырау облыстық филиалдарының ақпараты бойынша)

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan