Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың кандидатурасы келісілді.
Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)
Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan