The website color
Distance between letter distance
Images
02.09.2023

Мәжіліс Туризм және спорт министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 2 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының  Туризм және спорт министрі лауазымына Маржықпаев Ермек Боранбайұлының кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Туризм және спорт минисрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген – Ж.Жұмабеков.

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan