Адамбеков
Тілектес
Серікбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
КРИПТОВАЛЮТА ЖӘНЕ БЛОКЧЕЙН-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БОЙЫНША КЕҢЕС

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың қатысуымен бейне-конференциялық байланыс кеңесі өтті. Талқылау криптовалюта және блокчейн-технологияларының мәселелеріне арналды.

Осы кеңеске Nur Otan фракциясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде қатыстым. Бейнеконференция барысында біз Қазақстанда криптоиндустрияны дамыту жөніндегі Жол картасын қарап щықтық, АХҚО-да криптобиржаларының қызметі бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құрдық, негізгі міндеттерді анықтап, пікір алмастық.

Қажет болған жағдайда пилоттық жобаның нәтижелері бойынша ұлттық заңнамаға криптобиржаларының қызметін реттеуге қатысты өзгерістер енгізілетін болады.