Депутаттар елордадағы емдеу мекемелерінің жағдайымен танысты
Қазан айында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтеді. Осыған орай Мәжілістің Әлеуметтік мәдени-даму комитетініңтөрағасы Асхат Аймағамбетов бастағандепутаттар Астана қаласындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады. Емханалар мен ауруханаларға барып, мәселелерді дәрігерлер мен емделушілердің өздерінен естіп қайтты.Мәжіліс дербес деректерді қорғауға бағытталған заң жобасын I оқылымда қарайды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.Мәжілісте ойын және лотерея бизнесінің мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды
Мәжіліс пен Парламентаризм институтының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы ойын және лотерея бизнесінің мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жетекшілік етті.Мәжіліс балаларға Ұлттық қордан төленетін төлемдер туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады
Бүгін Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдап, екі халықаралық келісімді ратификациялады.Мәжіліс Төрағасы «Орталық Азия – Корея Республикасы» парламент спикерлерінің І кеңесінде сөз сөйледі
Палата төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс депутаттары Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі парламент спикерлерінің I кеңесіне қатысты.Орталық Азияның көшбасшы әйелдері климаттың өзгеруі мәселелерін көтерді
Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу жағдайында гендерлік теңдікке қол жеткізу» конференциясында климаттың өзгеруіне бейімделудегі өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты.Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасын қарайды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.Депутаттар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мәселесін талқылады
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің жетекшілігімен өткен комитеттің тақырыптық отырысында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Мәжілісте Қазақстан мен Корея ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Бүгін Мәжілісте Ерлан Қошанов Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Икпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселесін талқылады.Мәжіліс Экология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасына келісім берді
Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Нысанбаев Ерлан Нұрәлиұлының кандидатурасы келісілді.Мәжіліс Өнеркәсіп және құрылыс министрінің кандидатурасына келісім берді
Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына Шарлапаев Қанат Бисимбайұлының кандидатурасы келісілді.Мәжіліс Су ресурстары және ирригация министрінің кандидатурасына келісім берді
Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовтың кандидатурасы келісілді.Мәжіліс Ауыл шаруашылығы министрінің кандидатурасына келісім берді
Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына Айдарбек Сейпілұлы Сапаровтың кандидатурасы келісілді.