Адамбеков
Тілектес
Серікбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

2021 жылғы 12 мамырда жарияланды

                                                               Қазақстан Республикасының

                                                               Премьер-Министрі

                                                               А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Көп елдердің орталық банктері қаржы технологияларының перспективалық бағыттарының бірі ретінде Орталық банктің  ұлттық цифрлық валютасын айналымға шығару және реттеу мәселесін белсенді шешіп келеді.

Мысалы, Канада, Ұлыбритания, Швеция, Қытай, Израиль Орталық банктері цифрлық валюталарын құру мүмкіндігін зерттеуге кірісті.

Қытай өткен 2020 жылы цифрлық юаньмен тәжірибе жүргізе бастады. Осы жылдың сәуір айында цифрлық юаньмен алғаш рет әуе билеті алынды, ал 2022 жылы валюта қоғамдық айналымға шығады.

Жапонияның Ұлттық банкі де өзінің цифрлық валютасын енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Сынақ режимінде құрылған жүйеде цифрлық валютаның негізгі функциялары қазірдің өзінде тексеріліп жатыр.

Келесі 2022 жылы Ресей банкі цифрлық рубльді сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Еуропалық орталық банк алдағы  жылдары цифрлық еуроны шығаруды көздеп отыр.

Ұлттық цифрлық валюталарды енгізудің басты мақсаты –технологиялық тұрғыдан неғұрлым қолжетімді ішкі өзара есеп алмасуды, сондай-ақ трансшекаралық төлемдерді қамтамасыз ететін жылдам және заңды төлем құралын құру болып табылады.

 Сонымен бірге, мемлекеттік цифрлық валютаның криптовалютадан ерекшелігі, орталық банкі тарапынан эмиссиясы қадағаланатын қамтамасыз етілген цифрлық актив болуы керек.

Әлемдік тенденцияларға назар аударып Үкімет жаңа қаржы                              құралын – цифрлық валютаның, жоғарыда айтылған артықшылықтарын ескере отырып,  Ұлттық Банкінің цифрлық валютасын зерттеуге және іске асыруға нақты қадамдар жасауы қажет деп санаймын.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң цифрлық валютасын сәтті енгiзу Қазақстан экономикасына мынадай мүмкіндіктерді алып келеді:

1. Ұлттық Банк тарапынан ақша-несие саясатын неғұрлым ашық әрі тиімді бақылау және айналымдағы қолма-қол ақшаның үлесін оңтайландырады.

2. Смарт-келісімшарттарды енгізуге, мәмілелер мен сауда операцияларына қатысушылар үшін, фискалдық органдарға, зейнетақы қорларына, әлеуметтік қорғау органдары үшін  төлем операциялары мен қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттік сатып алу, әлеуметтік төлемдер, субсидиялар шеңберінде бөлінетін бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Азаматтар мен бизнес субъектілері тауарлар мен қызметтер үшін төлемдердің орындалуын, қаражаттың аударылуын, бюджетке түсетін түсімдерді, зейнетақы жинақтарының өсуін және т. б. бақылау мүмкіндігіне ие болады.

3.Ағындардың ашықтығын, сондай-ақ цифрлық активтердің иелерін, жүзеге асырылатын төлемдердің мақсатын нақты анықтау мүмкіндігіне байланысты, цифрлық валютаны енгізу көлеңкелі экономиканы жоюға ықпал етеді.

4.Цифрлық активтерді иелену фактісінің өзгермейтіндігі мен анықтығының арқасында екінші деңгейдегі банктердің клиенттері цифрлық валютаны теңгеге және керісінше аударып қана қоймай, сонымен қатар жеке банктің ықтимал дефолтынан қорғалатын болады.

5. Бизнес өкілдері үшін блокчейн технологиясының базасында жаңа цифрлық өнімдерді, тауарлар мен қызметтер нарығында қаржы құралдарын, бәсекеге қабілетті маркетплейстерді, инвестициялық алаңдарды, секьюритизацияландыруды құру мүмкіндіктері пайда болады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкі жоғарыда айтылып кеткен, әлемдік тәжірибие мен тенденцияны ескере отырып, қазақстандық цифрлық валютаны енгізу тұжырымдамасын әзірлеуі қажет деп санаймыз.

Жауапты жазбаша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақытта жолдауды сұраймын.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«Nur Otan»  партиясы фракциясының мүшесі                          Т. Адамбеков