Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
07.07.2021 - Талдықорған қаласы

    Парламент Мәжілісі депутаттарының жазғы каникул қарсаңындағы елге сапары басталды. Бүгін түске дейін әріптестеріммен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырзамен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы туралы кеңірек пікір алмастық. Көкейіміздегі сауалдарға жауап алдық. “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы мен "Жол картасында” белгіленген индикаторлардың белгіленген мерзімге сай орындалуы төңірегінде кеңінен әңгімелестік.
    Бүгінгі күні бойғы жұмыс кестесі өте тығыз, түске дейінгі және түстен кейінгі Талдықорған шаһарындағы кездесулер мен аралаған нысандар жайлы кешқұрым кеңірек баяндаймын.

    Ертеңнен бастап әріптесім Жанна Тілеубекқызы Телпекбаева ханыммен бірге аудандарды аралауға шығамыз. Алда, Алла бұйыртса, Көксу, Кербұлақ, Жаркент, Ұйғыр, Кеген және Нарынқол аудандары күтуде. Он күн бойы алты ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, ел-халықпен кездесулер болады.

#deputatnurotan