Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
08.07.2021 - Алматы облысының Көксу ауданы

    Бүгінгі сапарымыз кестеге сай Алматы облысы Көксу ауданындағы Балпық би кентіндегі қант зауытынан басталды.

    Естеріңізде болса, 2014 жылы Алматы облысына Амандық Баталовты әкім етіп тағайындағанда сол тұстағы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте өңірдегі тіршілігі тұралап қалған қант зауыттарының жұмысын жолға қоюды тапсырған.
Іргесі сонау 1934 жылы қаланған зауыттың кеңес кезінде даңқы бүкіл одаққа қарасты бұратана елдерге асқаны мәлім. Одан кейін бұл өндірістің басынан алағай да бұлағай кезеңдер өтті.

    2015 жылы мемлекеттің қолдауымен зауытқа толық реконструкция жүргізілді. Осы кезге дейін өндіріс қуаты 150 мың тонна қант қызылшасын игеуге шамасы келсе, толық жөндеуден өткен соң қуаты 250 мың тонна өнім өндіруге жеткен.
Бұрын 15 мың тонна ғана қант өндірілсе, қазіргі күні жылына 25 мың тонна қант шығарылады. Маусым кезінде зауытта 600 адам жұмыс істейді, жалпы 300-350 адам тұрақты еңбек етеді. Бұған қант қызылшасымен айналысатын аймақтағы шаруаларды қоссаңыз аудандардағы 20-22 мың адам өзінің нәпақасын мехнаты мол қызылша шаруашылығынан айыруда.
    Зауытқа Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу ауданы мен Қапшағай, Талдықорған шаһарларыың еңбеккерлері өз шикізаттарын әкеліп өткізеді. Зауытты толық реконструкциядан өткізу үшін 4 млрд. теңге жұмсалған.

    Әрине, зауыттың бұдан да әрі жемісті де өнімді еңбек етуі үшін заңнамалық жақтан біраз қолдаулар қажет екенін сезіндік. Бұл туралы талап-тілектері орынды. Қойын кітапшаға түртілген мәселелер заң шығарушы органның тікелей күн тәртібіне ұсынылатыны даусыз. Әріптесім Жанна Телпекбаев тарапынан да біраз түйткілді мәселелерге қатысты нақты сауалдар қойылды.

    Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ өзі басқарып отырған ауданның тыныс-тіршілігімен аяқтай жүріп таныстырды. Бәрін ретімен айтатын боламыз.

#deputatnurotan