Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
08.07.2021 - Алматы облысының Көксу ауданы

    «Nur Otan» партиясының бағдарламасы мен "Жол картасы” аясында орындалуы тиіс индикаторлардың бірі Балпық би кентіндегі 20 және 60 пәтерлі тұрғын ұй құрылысы болатын.

    Аудан әкімі Алмас Әділдің, Көксу ауданы мәслихатының хатшысы Әлдибек Досымбековтың, Көксу аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсеновтың қатысуымен біраз нысандарды аралап, көп балалы аналар мен мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға арналған көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен мұқият таныстық. Екеуі де мерзімге сай белгіленген уақытта алдағы күзде толық пайдалануға берілмек. Мердігер компаниялардың уәдесі осылай. Дегенмен, тұрғын үй құрылысы аудан әкімдігі мен қатаң партиялық бақылауда.

    Сонымен қатар, аудан орталығынан ірі спорт кешені салынып, қолданысқа берілген екен. Жарқыраған сарайдың іші де болашақ чемпиондарға толып келе жатқанын аңғардық.

#deputatnurotan