Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
12.07.2021 - Алматы облысының Панфилов ауданы

    Әріптесім Жанна Тілеубекқызы екеуміз "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде алдын ала жеке қабылдауға жазылған азаматтармен кездестік.

     Қоғамдық қабылдауға өңірге есімі мәлім кәсіпкер, 130 адамды жұмыспен қамтып отырған "Ернар" жеке шаруа қожалығынаң құрылтайшысы Тасқын Жапарқұл, Суптай ауылының ақсақалы Тілепалды Шынтаев, Головацкий ауылы Мәдениет үйінің басшысы Мейіржан Ботамбаев өзінің талап-тілектерін айтты.

    Аудандағы ең үлкен мәселенің бірі - су, осы қиындықтың алдын алу үшін Қорғас, Тышқан, Өсек өзендерінің арнасынан шағын су қоймасын салу. Сондай-ақ, алқаптарда жұмыс істеп жатқан қожалықтар мәселен механизатор, фермер, мал дәрігері сынды мамандарға зәру, сол себепті уақыт оздырмай кәсіптік техникалық колледж қажет екенін жеткізді. Ал Суптай ауылындағы апатты жағдайда тұрған орта мектеп пен Головацкий ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне қаржы бөлу мәселесі айтылды. Аудан әкімі Талғат Әбенұлы бұл мәселелердің барлығынан хабардар екенін, алдағы жылдың жоспарына енгізу бағытында жұмыстанып жатқанын жеткізді. Біз де өз тарапымыздан қабылдауға келген азаматтардың арыздарын алдық, тиісті мемлекеттік органдарға ұсынатын боламыз.


#deputatnurotan