Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
13.07.2021 - Алматы облысының Ұйғыр ауданы

    Қасиетті Қарадала өңіріне, Шонжы аймағына сапарымыз даңқты композитор Сәдіқожа Мошанұлының алтын бесігі - Кетпен ауылынан басталды. Әрине, елдегі пандемия жағдайы ел-халықпен кездесулердің форматтарына, әлеуметтік мәселелерге қатысты еркін пікір алмасуға кері әсерін тигізбей жатқан жоқ. Дегенмен барлық талаптарды сақтай отырып, өз жоспарларымыз бойынша сапарымызды жалғастырып келеміз. Селолық округтің Мәдениет үйінде ауыл ақсақалдарымен, тұрғындармен кездестік.

    1972 жылы салынған, заманында дүркіреген, кейінгі 25 жылда ауласын алабота басқан Мәдениет үйі Сәдіқожа бабамыздың мерейтойы қарсаңында облыс әкімдігінің қолдауымен қайта жаңғыртылып, жасалған. Бюджеттен 401 млн. теңге бөлініп, толық реконструкция жасалып, 2020 жылы қолданысқа берілген. Қазіргі күні 10 штаты бар және ауыл кітапханасы да осы мәдениет ошағында орналасқан. Кітапхана қоры 5000-ның шамасында. Қалжат кеденіне апаратын үлкен жолдан Кетпенге дейінгі 22 шақырым қара жол уақытында көлік түгіл жаяу жүргіншінің табанын тесетін. Қазіргі күні толық асфальтталып, ел-халықтың игілігінде.

    Әлеуметтік, идеологиялық саладағы мәселелерге қатысты кеңірек жазамын.

#deputatnurotan