Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
13.07.2021 - Алматы облысының Ұйғыр ауданы

    Шонжы ауылында өткен қоғамдық қабылдауға төрт бірдей азамат жазылған екен, бәрін мұқият тыңдадық. Бәрі де бүгінгі өміріміздегі өткір мәселелерді көтерді. Сүмбе ауылының тұрғыны Серік Қоқымдиев ауылшаруашылығындағы қайшылықтардан бастап, ауыз су, жайылым, алқаптарға арна тарту, тоспа салу, білім саласына қатысты жеке-жеке тоқталып, нақты қағазға түсіріп алып келген елдің талап-тілегін қолымызға ұстатты.

    Сүмбе ауылы - осы аудандағы таза қазақ ауылы. Ал осы ауылда күні бүгінге мәдениет үйі жоқ екен.
Іргесіндегі Қырғызсай ауылының халқы өткен жылы 300 миллион қаражатқа жасалған жолдың жыл өтпей ойылып, жарылып жатқанына наразы. Қырғызсай ауылында да мәдениет ошағы жоқ.

    Елдегі жанармай мен азық-түліктің қымбаттауына ел қатты наразы. "Үкімет бағаны неге бақыламайды?" дейді. Сосын субсидия саясатына қатысты тілектер өте көп…

    Аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Салтанат Ешмұхамедова ауданда 21 мәдениет ошағы барын, оның алтауы толыққанды Мәдениет үйі, қалғаны түгел клуб екенін, ал олардың 9-ы апатты жағдайда деп жабылғанын айтты.

    Мәдениет бөлімінің басшысы, сондай-ақ "биыл ғана ашылған "Қарадала" халық театрына арнайы көңіл бөліп, штаттар бөлуге қолдау көрсетуді өтінді.

#deputatnurotan