Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
14.07.2021 - Алматы облысының Кеген ауданы

    Райымбек ауданын бөлу Елбасының, ел билігінің үлкен саяси шешімі болғанын уақыт дәлелдеуде. Қыранның қос қанатындай Кеген мен Нарынқол аймағы сылаған баладай күн сайын түлеп келеді.

    Әуелі Кеген туралы. Аудан әкімі Талғат Баеділов мырза кестемізде белгіленген жоспарлар бойынша бәрін көрсетті. Түрлі форматқа құрылған жиын-кездесулеріміздің бәрі ашық пікір алысу бағытында өтті. Ел де мәселені ашық қоюда.

    Бұған дейінгі есеп бойынша аудандағы жан саны - 30 мың 600, биылған санақтан кейін бұл көрсеткіш біршама өсуі мүмкін, себебі елге қайта көшіп келіп жатқандардың қатары да жоқ емес. Ауданда үй кезегінде тұрғындардың саны - 400. "Нұрлы жер” бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысы аудан орталығындағы көпбалалы отбасыларға, жағдайы әртүрлі жанұяларға, үй мұқтаждығына орай өз кезегін күткендерге берілмек. Заманға сай салынған жеке тұрғын үй секторы бүтін бір жаңа ауданды құрап келеді. "Жол картасына" сай тағы 36 үйдің құрылысы басталыпты, мердігер компания 2022 жылдың сәуіріне дейін толық аяқтап, пайдалануға бермек.

#deputatnurotan