Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
14.07.2021 - Алматы облысының Кеген ауданы

    Мәдениет үйінде аудандағы руханият пен өнер өкілдерімен, кітапханашылармен кездестік. Ашық пікір алаңы болды.

    Бір кездегі Жалаңаштағы "Тоғызбұлақ толқыны" театрын Тәуелсіздік алған жылдары сәтімен Кеген аудандық халық театрына айналдырған, 53 жыл сахнада келе жатқан даңқты өнер саңлағы, биыл 80 жасқа қадам басқан Нағима Таласбаева апамыз еліміздегі өнер мен мәдениеттің көші туралы біраз көшелі сөзін айтты. Қазіргі күні халық театрының 15 штаты бар. Сол штаттағы бесаспап өзі әнші, өзі актер, өзі сценарист, өзі қоюшы режиссер, өзі музыкант мамандар осы күндері ел-халықтың өнерлерімен сусындатып келеді. Әрине, өнер өкілдерінің де өз мұң-мұқтажы жоқ емес. Лайықты репертурлық саясатқа қаржылық қолдау керек. Өнер адамы гастрольдік сапарларға шыққан сайын түлейді. Ал ең бірінші кезекте сахнада жүрген дарынның еңбегі лайықты деңгейде үкіметтік марапаттармен бағалануы керек.

    Еліміздегі ең үлкен проблеманың бірі - кітапханашылардың айлығы. Тиісті мемлекеттік органның ойланатын ең түйткілді мәселесі осы кітапханашылардың жай-күйі.

#deputatnurotan