Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
14.07.2021 - Алматы облысының Кеген ауданы

    Жасырып жабатын түгі жоқ, осы күндері Қазақстанның кез келген өңіріндегі ең үлкен мәселе - жайылым мен жем-шөп әзірлейтін жердің жағдайы. Күйіп тұр. Бір кездегі түрлі деңгейдегі әкім-қаралардың жерді оңды-солды заңсыз үлестіргенінің кесірін енді ел тартып жатыр. Дәл осы күндерде Қазақстанның басым бөлігінде болып жатқан құрғақшылық пен қыстық жем-қорын дайындаудың қиындығы жердің мәселесін қоғам бетіне қалқытып қайта шығарып жатыр.

    Қазіргі күні Кеген ауданындағы ұсақ мал мен ірі қараның саны кешегі кеңес дәуіріндегіден екі есе артып отыр. Әрине, бұл жеке қожалықтардың қыста табанынан су, жазда маңдайынан күн өтіп жүріп істеген жанкешті еңбегінің нәтижесі. Дегенмен, мыңғыртып қой айдаған бауырларымыз, кейбір қожалық иелерінің заң шаңберінде жұмыс істемеуінің кесірі де өздерінің алдынан шығуда. Мәселен, осы күнге жүз мыңдаған гектар жерді иеленіп, 10-15 жыл сол жерге малын бағып келген шаруаның қолында сол жердің иесі екенін дәлелдейтін заңды құжаты жоқ. Ал соңғы жағдайларға байланысты мемлекет жер кадастрын қаттап-шоттай, түгендей бастағанда қолында құжаты жоқ, қорасында 1000 қойы бар шаруа қайта-қайта қара көбейтіп, шала бүлініп әкімдікке келеді. Осындай бір ұйыған дау көп. Қоғамдық қабылдауға келген жұрттың қас-қабағы мен сан құбылған дауыс ырғағы осыны сездірді… Бұл мәселені қалайда орайын тауып шешу керек, әйтпесе бұл үлкен әлеуметтік жікке әкелетін түрі бар.

#deputatnurotan