Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
15.07.2021 - Алматы облысының Райымбек ауданы

    Араға 21 жыл салып қайта ашылған Райымбек ауданы адам танымастай қайта түлеп жатыр.

    Бәрі есімізде…
    Желдің өтінде, жердің шетінде елі көшкен жайлаудай құлазыған құба жондар мен қирандылар… Құлаққа ұрған танадай тып-тыныш көшелер… Қырманы қирап, думаны тарқаған дала… Жастардың бәрі нәпақа іздеп қала кетіп, қарттарға сүйенген ауылдар… Ойлап кетсең жүрегің астаң-кестең кезеңдер еді.

    Ауданды қайта ашу туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының саяси шешімін күллі Кеген-Нарынқол өңірінің халқы аса жоғары көңіл-күймен қабылдағанын айту керек. Әсіресе, елдің ақсақалдары, өңір зиялыларының пікірлерін тыңдасаңыз жүрек толқиды. Айналдырған үш жылдың ішінде Нарынқолда бірнеше ірі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов мырза екі тізгін, бір шылбырын қолға алып, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының, облыс әкімінің өңірді дамыту туралы тапсырмаларын жүзеге асыру үшін жұмыс істеуде. Бәрін көзімізбен көрдік. Таулы өңір жасанып, жаңғыруда. Аудан орталығының іргесінен бүтін шағын аудан салынуда.

    Әріптестерімізбен осы өңірге жасаған сапарымыз туралы, жүзеге асырылғаны бар, кезегін күтіп тұрғаны бар, бәрін электоратпен бөлісетін болам.

    Әрине, ауылшаруашылық саласына қатысты, жеке шаруа қожалықтарына байланысты жедел шешілуі тиіс мәселелер де аз емес..

    P.S. Сапар жағдайы мен кестенің тығыздығы, оған өңірлердегі ғаламтор ахуалы ақпаратты кешіктіруге мәжбүр етіп отыр...


#deputatnurotan