Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
15.07.2021 - Алматы облысының Райымбек ауданы

    Соңғы жылдары Алматы облысындағы барлық аудан орталықтарында "Жол картасы" бойынша ірі спорт кешендері салынуда. Сондай заманауи ғажайып кешенге басынан алағай да бұлағай кезеңдерді өткізген Райымбек ауданының орталығында куә болдық.

    2019 іргесі қаланып биыл пайдалануға берілген аумағы ат шаптырым спорт кешенінің құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. 100 ммиллионға жуық қаржы жұмсалыпты. Қазірдің өзінде еркін күрес, бокс, футбол, футзал, волейбол, шахматты әуесқойлықтан бастап кәсіби бағытқа ұштастыруды көздеген тау баурайындағы іні-қарындастарымыз машықтануды бастап кетіпті.

    "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарының бірі - саламатты ұлт қалыптастыру. Бұл орайда ел ішінде бұқаралық спортты дамыту үшін Парламент арнайы заң қабылдағаны баршаңызға мәлім. Сондай сапалы заңдардың әр нормасын, әр тетігін жұмыс істеткізетін осындай құрылымдар.

    Алла бұйыртса, осы спорт кешенінде төселген бозкілем мен бокс залынан, жасыл алаңнан Руслан Жұмабеков пен Бауыржан Тәліп, Нұрбақыт Теңізбаев бауырларымыз сынды жауырыны жер иіскемеген балуандар, әлемнің айымдарын аяққа тұрғызбаған Айсара Керімбекова сынды саңлақтар, дүниенің тәжін басына қондырған Назым Қызайбай секілді былғары қолғап шеберлері, тепкен добы қиыс кепейтін футболшылар, тұлабойын намыс кернеген Ұлтымыздың Батырлары шығатынына қапысыз сенесің!


#deputatnurotan