Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
15.07.2021 - Алматы облысының Райымбек ауданы

    Нарынқолдың тура орталығынан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай әйдік ескерткіші бой көтермек.

    Сәулет-құрылыс, абаттандыру жұмыстары аз күнде толық аяқталады. Алматыдағы мәлім шеберханада қашалған ақынның асқақ болмысымен алысқа көз қадап, қою шашын жел тарап тұрған алып мүсіні өз тұғырын күтіп тұр.

    Орналасқан аумағы да ғажап. Маңайын әсем ғимараттар қоршаған алаң Аспантаудың жатаберісі жоқ аңқылдаған ақкөңіл елі мен келімді-кетімді меймандарының ат басын арнайы бұратын саялы мекені болатыны даусыз.

#deputatnurotan