Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
15.07.2021 - Алматы облысының Райымбек ауданы

    Әйгілі Қарасаз ауылында «Qarasaz Food» сүт зауытының құрылысы жүріп жатыр. Қазірдің өзінде кәсіпорынның шағын бір бөлігі аяқталып, өз өнімдерін өндіре бастапты. Жоба құны - 1 млрд. 200 млн. теңге. Аумағы мың шаршы метрді құрайтын өндіріс 2022 жылдың қазан айынында толық пайдалануға берілмек. Зауыт сүтті қайта өңдеу, консервілеу және ірімшік, сары май, қаймақ, сүзбе, сүт, айран сынды өнімдер шығаратын болады. «Симменталь» дейтін асыл тұқымды 400 аналық бас ірі қараның желінінен тәулігіне 10 мың литр сүт алынады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жергілікті халық үшін бірқатар қосымша жұмыс орындары ашылмақ.


#deputatnurotan