Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
15.07.2021 - Алматы облысының Райымбек ауданы

    Ұлы ақынның бесігін тербеген қасиетті Қарасаз бауырынан өрген ұлының 90 жылдық дүбірлі тойының қарсаңында тұр.

    Аудан басшылығы, жұртшылығы Алаштың ақынын кезекті рет ұлықтауға тас-түйін дайын. Алайда адамзат баласын бір тарының қауызына сыйдырған індет тағы қолбайлау болатын түрі бар…

    Ақын мұражайы мен іргесіндегі Мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары толық жүргізілген. Ине-жіптен жаңа шыққандай!

    Мұқағалидың шығармаларымен ауызданған ұл-қыздар мұражайдың маңайында жыр эстафетасын бірінен бірі ала қашып, қаймақтай өлеңдерді ойнақтап оқып жүр!

#deputatnurotan