Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
16.07.2021 - Алматы облысының Іле ауданы

    АПАТТЫ КҮТІП ОТЫРАМЫЗ БА?

    Байсерке ауылынан келген Бақыт Сүлейменова Алматы-Жетіген-Қапшағай су қоймасы арқылы Байсеркедегі "Даму" логистикалық орталығының іргесіндегі теміржолдың үстімен өтетін жол айырығын, өткелдер салу қажеттігін айтты. Нақты деректерге сүйенсек, бір тәулікте Алматы-Жетіген-Қапшағай автоколік жолымен 20 мың автокөлік, Іле және Талғарға қарасты елдімекендердің 46 мың тұрғыны, оның ішінде 12 мың студент Алматыға қатынап оқиды.

    Өздеріңізге мәлім, бұрнағы жылғы Шамалған ауылындағы пойыз апатының зардабы жадымыздан өше қойған жоқ. 30-40 мың халқы Байсеркеде де сол жағдай қайталанбасына кім кепіл? Апат айтып келмейді. Айтып келмейтін сол апатты күтіп отырумыз керек пе? Жалпы, неге біз белгілі бір төтенше жағдайлардан кейін ғана қимылдаймыз? Неге мәселенің алдын алмаймыз? Теміржол өткелін, жолайырық салу - аса ірі жоба, мол қаржыны қажет етеді. Бірақ сол қаржы еліміздің азаматтарының алтын басынан артық емес. Бұл үлкен жоба аудан, облыс құзіретіндегі шаруа емес, бұған тікелей "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы қайрат көрсету керек…

#deputatnurotan