Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ТМД ПАА Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

ТМД ПАА Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының онлайн-отырысы өтті. Онда:

- ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің цифрлық даму саласындағы ынтымақтастығы туралы ұсынымдар жобасы,

- ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде электрондық нысанда баспа басылымының міндетті данасын ұсыну мәселесі бойынша бірыңғай тәсілдерді белгілеу жөніндегі ұсынымдардың жобасы,

- "Кинематографияны мемлекеттік қолдау туралы" модельдік заңның жаңа редакциясының жобасын әзірлеу барысы,

- "Театр және театр қызметі туралы" модельдік заңның жаңа редакциясының жобасын әзірлеу барысы,

- ТМД – ға қатысушы мемлекеттер үшін зияткерлік меншіктің модельдік Кодексінің жаңа редакциясының жобасын әзірлеу барысы туралы сұрақтар қаралды.