Әшімжанов
Жанарбек
Садықанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы мәдениет күндері

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы мәдени күндері ресми түрде басталды. Осы жазда қырғыз президенті мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Садыр Жапаров алғашқы сапарын бізден бастап, Қазақстанға ресми сапармен келген. Сол Ақордадағы жиында екі елдің Мәдениет министрлері Ақтоты Райымқұлова мен Қайрат Иманәлиев көптеген уағдаластықпен қатар, екі елдің мәдени күндерін өткізу туралы келісімге қол қойған. Сол келісімге орай, бір апта бойы болатын мәдени күндерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

Бүгінгі Бішкек шаһарына келген делегацияны ресми жақтан министріміз, қазақ өнерінің флагманы Асанәлі Әшімов бастап, Әлібек Дінішев қоштап, Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлі, Алтынбек Қоразбаев сынды ел ағалары, Секен Тұрысбеков, Алпысбай Қазығұлов, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Майра Мұхамед, Нұржамал Үсенбаева, Мейрамбек Беспаев, Татьяна Бурместирова, Нұркен Әшіров, Әділ Ахметов арнайы келіп, түйенің қос өркешіндей, биенің қос емшегіндей екі елдің тамырластығын өнермен көрсетуде. Алда кино апталығы, сурет көрмесі, гала-концерт, шығармашылық кештер, жекелеген кездесулер жоспарлануда.

Осы жиынға шығармашылық өкілі және Мәжіліс депутаты ретінде біз пақыр да келіп қалдық. Екі бүйірден қысып, дем жеткізбеген кезеңдерден кейінгі мемлекеттік шаралар ғой.

Жүрек толқытар сәттерді шетінен желіде ақпарат беріп тұрамын.

Екі елдің ынтымағы жоғалмасын!