Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ауыл шаруашылық несиелер туралы

  Түркістан облысы «Береке» шаруа қожалығының төрағасы С. Ботабаева Арыс қаласы мен Сайрам, Қазығұрт, Шардара аудандарының жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары несие қарыздарын жапқанымен, үш жылдан бері кепілге қойылған мүлік құжаттарын рәсімдей алмай, көптеген қиындықтарға тап болғандығын айтып, әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған  болатын.  

  Бұл азаматтар ауыл шаруашылығын өндіруге және дамытуға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Корпорация) Түркістан филиалы  арқылы несие  алған.  

  Депутаттың атына «Арыс КС»  және «Наурыз-несие» КТ» ЖШС-рі (бұдан әрі – «Наурыз-несие»)  қатысушыларынан келіп түскен кепіл мүлкін босатуға қатысты өтініштерге байланысты Қ. Балабиев Корпорацияның Несиелік серіктестіктердің қаржы институттарын қаржыландыру департаментінің директоры Н. А. Дәуітов пен Жалпы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Н. Сейітжановпен кездесу өткізді.

  Кездесу барысында Корпорация өкілдері «Арыс КС»  мен «Наурыз-несиенің» Корпорация алдындағы мерзімі өткен міндеттемелері болғандықтан, Корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қазіргі кезде қатысушылардың кепіл мүлкін босатуға мүмкіндігі жоқтығын айтты.

  Сонымен бірге, Корпорация басшылығы қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін «Наурыз-несие» мен «Арыс КС»  қарыздарын қайта құрылымдау бойынша жұмыстарды аяқтайды.

 Берешекті қайта құрылымдау жұмысы аяқталғаннан кейін, Корпорация «Арыс КС»  мен «Наурыз-Несиенің» (түпкілікті қарыз алушылар) кепіл мүлкін босату мүмкіндігі жөніндегі мәселені тек Корпорация алдындағы міндеттемелерін толық өтеген қатысушылар бойынша ғана қарастыратын баяндады.