БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2022 жылғы 21 қазанда Аграрлық мәселелер комитеті экспорттаудың проблемалық мәселелеріне қатысты Комитет мүшелерінің депутаттық сауалын қарастыру бойынша отырыс өткізді.

Іс-шараны өткізу барысында астық саласының проблемалық мәселелері, атап айтқанда астық пен ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған вагондардың жетіспеушілігі, олардың тоқтап тұруы, астық жеткізудің бұзылуы, агробизнес субъектілерінің шарттық міндеттемелерінің орындалмауы, элеваторлардың толуы және басқа да Қазақстанның астық одағының төрағасы Н. Оспановтың және Қазақстанның астық өңдеушілер одағының Байқау кеңесінің төрағасы М.Әбдиевтің айтқан мәселелері талқыланды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Б.Орынбасаров және «Астық Транс» АҚ басқарма төрағасы С. Елубаев вагондар паркімен қамтамасыз ету, астықты және оны өңдеу өнімдерін тиеу, теміржол инфрақұрылымының жүктемесі, тарифтік тасымалдау шарттары бойынша ағымдағы ахуал туралы баяндады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта астықты тасымалдау проблемаларын шешу және вагон операторларының қызметін реттеу бойынша барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жедел штаб құрылды, бұл шаралар мәселенің өткірлігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. 

Сонымен қатар, депутаттық корпус теміржол тасымалында туындайтын проблемаларға жедел ден қоюды ғана емес, сонымен қатар саладағы жолдардың өткізу қабілеттілігін және маршруттарын дамыту, вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту, сондай-ақ астықты және оны өңдеу өнімдерін жеткізудің баламалы теміржол жолдарын дамыту жөнінде жүйелі шаралар әзірлеуді ұсынды. Аталған мәселелер депутаттардың тұрақты бақылауында тұратын бола