БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары, “Ақ жол” ҚДП фракциясының мүшелері Ерлан Барлыбаев пен Серік Ерубаев жұмыс сапарымен Орал қаласына келді

Халық қалаулылары бірінші болып пандемия кезінде жанын шүберекке түйіп жұмыс жасаған медицина қызметкерлерінің бірегейін партия президиумы атынан “Жанқиярлық күресі үшін” медалімен марапаттады. Олардың ішінде Орал қалалық көпбейінді аурухана басшысы Арман Мұрзахметов, терапевт-дәрігер Дина Базарбайқызы мен қалалық 1-ші емхана директоры Светлана Ермекқалиева және басқалары бар. Салатанатты шарада мәжіліс депутаты Е. Барлыбаев ақ халатты абзал жандарға партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлының құттықтауы мен сәлемін жеткізіп, еліміздегі кең тараған дертпен күресте әр дәрігердің күн сайын үлкен ерлік жасап жүргенін тілге тиек етті. Серік Сәрсенұлы да өз кезегінде дәрігерлердің мәртебесін көтеру, оларға құрмет көрсету, әсіресе, осындай қиын, сын сәттерде айшықталуы қажет деген пікір айтты. Сонымен қатар шара соңында партия президиумы атынан 2020 жылда өткен сайлауалды насихат жұмыстарына атсалысып, ерекше танылған бірқатар азамат “Қазақ мемлекетіне - 100 жыл” медалімен марапатталды. Мәжілісмендердің жұмыс сапары ертең қаладағы белді сауда орталықтарының кәсіпкерлерімен кездесуімен жалғаспақ.