БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқ

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, Парламент Мәжілісінде ұсынылмаған саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Депутаттық корпусты заң жобаларының негізгі ережелерімен Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы таныстырды. Атап айтқанда, министр жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бойынша мемлекеттік реттеу, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарды басқаратын азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету тәсілдерін ұсынды, сондай-ақ, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығын жүргізудегі негізгі құқықтары мен міндеттерін қарастырды.

Бұл ретте депутаттар мен шақырылғандар, азаматтарды жайылымдық ресурстармен нормативтік қамтамасыз ету, олардың субсидиялар мен жеңілдетілген несиелеуге қол жеткізуі, елді мекендерде ауыл шаруашылығы малдарын күтіп-бағудың нормативтері мен қағидаларын белгілеу мәселелеріне байланысты өз алаңдаушылықтарын білдірді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері және басқа да мәселелер көтерілді.  

Осылайша, таныстырылым барысында жұмыс тобының мүшелері мен отырысқа қатысушылар көптеген ескертулер, ұсыныстар мен тілектер білдірді. Айтылған мәселелер заң жобалары бойынша одан әрі жұмыс барысында қосымша қарауға және зерттеуге жіберілді.