БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2022 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаевтың басшылығымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру және ағымдағы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселелері бойын

Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж. Құрманов, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Н.С. Айдапкелов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы А.Б. Әшірбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы А.Г. Прашев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қарауылов Қ.С. қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында депутаттарға фермерлерді көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне (шарттары, мерзімдері, қатысушылары) жеңілдікпен несие беру туралы айтылды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілі көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша деректерді ұсынды. 

Сондай-ақ, ағымдағы қаржы жылғы өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қаржы құралдарын қамтитын АӨК субъектілерін субсидиялау көлемі мен бағыттарына қатысты ақпарат ұсынылды.

Жалпы, уәкілетті органның өкілі көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері Министрліктің тұрақты бақылауында екенін айтты.

Өз кезегінде депутаттар фермерлердің 1 гектарға жұмсалатын шығындарының нормативтерін қайта қарау, АӨК субъектілерін несиелендіру рәсімдері мен шарттарын оңтайландыру, несиелендіру үшін ұсынылатын құжаттар санын қысқарту, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік несие беру сомасы мен мерзімін ұлғайту туралы ұсыныстар айтты.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тікелей несиелендіруге көшу мәселесін қарастыру ұсынылды, бұл қарыздың түпкілікті пайыздық мөлшерлемесін едәуір төмендетуге, сондай-ақ отандық пен импорттық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шарттарын бірыңғай етуге мүмкіндік береді.

Тағы да 200 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын импорттық ауыл шаруашылығы техникасы үшін кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін белгілеу қажеттігі туралы ұсыныс айтылды. 

Сонымен қатар, «Бәйтерек «ҰБХ» еншілес ұйымдарының бірінші басшыларының назары тиісті ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, «тамыр-таныстық және жерлестік» фактілеріне және тіпті сыбайлас жемқорлық теріс қылықтарға аударылды, бұны депутаттардың атына жолданған көптеген өтініштер растайды.

Нәтижесінде, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және қаржы институттарына келіп түскен барлық ұсыныстарды талдап, депутаттарға қойылған сұрақтарға қосымша жауаптар беру тапсырылды.