Базарбек
Бақытжан
Жұмабекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Қазақстан Республикасындағы сот реформасы: шешілмеген мәселелер»

2024 жылдың 23 ақпанында Астана қаласындағы аудандық соттардың ғимаратында «Қазақстан Республикасындағы сот реформасы: шешілмеген мәселелер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы өткізілді.  

Отырыстың модераторы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы С.В. Имашева болды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесуде қатысушылар сот жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

         Ағымдағы жылы іске асырылған жанашылдық бастамалар туралы Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының  төрағасы А.А. Мерғалиев атап өтті, яғни «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге және сот жүйесін реформалауға қатысты түзетулер және  апелляциялық Соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізілді. Биылғы жылдың   шілде айынан бастап қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық саты шешімнің күші жойылған жағдайларда істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, мәні бойынша шешімдер қабылдауға міндетті.

Бұл шара әуре-сарсаңды азайтады, азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтарының тез қалпына келуін қамтамасыз етеді, қабылданған шешім үшін екі сатыдағы судьялардың жауапкершілігін күшейтеді, сондай-ақ сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған түзетулер енгізілді.

Құқық қорғау органдары тарапынан судьяларға қысым жасау құралдарын болдырмау үшін енді судьяларға қатысты жасырын іс-шаралар Бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде судьялардың өздері сот төрағаларын сайлау элементтерін енгізді. Судьялар қауымдастығының өзі аудандық соттың төрағасы лауазымына кандидаттарды сайлайды. Енді облыстық соттың кеңейтілген пленарлық отырысында жасырын дауыс беру арқылы таңдау кем дегенде екі кандидат арасында баламалы негізде жүргізілетін болады. Сот төрағаларына кандидаттар үшін жасырын дауыс беру әр түрлі теріс қылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Бұл заңнамалық өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сондай – ақ, аталған көшпелі отырыста  депутаттар - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Б.Ж. Базарбек пен М.С. Башимов сөз сөйледі.

Б.Ж. Базарбек сот төрелігін жүзеге асырудағы өзекті мәселелер мен проблемалық аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

М.С. Башимов судьялардың конституциялық құқықтарын қорғаудың кейбір мәселелерін қозғады.

Ең алдымен, барлық іске асырылатын бастамалардың орталығында адам тұр. Сондықтан жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар сот төрелігін жүзеге асыру сапасын және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге, судьялардың тәуелсіздігін дамытуға және тереңдетуге шоғырланған, бұл нәтижесінде құқықтық мемлекетті нығайтуға және әділ сот шешімдерін қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.