Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңызды

2024 жылғы 29 наурыз                                                               Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Р.Желдібай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің, Ассамблея құрылымдарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында және Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасарлары қызметінің қорытындылары туралы есептер тыңдалды. Сондай-ақ, Ассамблея қызметінің бірқатар ұйымдастырушылық мәселелері де қаралды.