Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бір мақсат

2024 жылғы 29 наурыз                                                             Астана қаласы


Н.Дементьева «Бір ел - бір мүдде» депутаттық топ мүшелерінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелерімен кездесуіне қатысты

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті палатааралық «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Іс-шараға Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, депутаттық топ жетекшісі Н.Жүсіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Image title


Кездесу барысында «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының қызметі, Ассамблея мен оның институттарын жетілдіру, сондай-ақ этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенатының депутаты З.Кузиевтің  «Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Мемлекет басшысымен тағайындалған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының жұмысы туралы», ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы басшысының орынбасары Н.Дементьеваның «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының жұмыс бағыттары туралы» баяндамалары тыңдалды.

Image title


Өз сөзінде Н.Дементьева Қазақстан Президенті үшінші Ұлттық құрылтайда айтқан сөздеріне назар аударды. «Жуырда ғана Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Ел Президенті «Біз озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керек», деді. Біздің жасампаз ұмтылыстарымызға қол жеткізу үшін біз қиратушы мінез-құлық үлгілерінен арылуымыз керек екенін, ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарды сақтау қажет екенін айтты. Бұл, ең алдымен, тәуелсіздік және отаншылдық. бірлік және ынтымақ. әділдік және жауапкершілік, Заң және Тәртіп. Сондықтан Қазақстанның алға ұмтылуы үшін бәріміз де жауаптымыз. Ол жауапкершіліктің басты міндеті ел бірлігін сақтау болып табылады. Бүгінгідей алмағайып заманда қазақстандықтардың ұйыған бірлігі мен ынтымағын одан әрі нығайту әрқайсымыздың басты міндетіміз болып саналады», деп атап өтті.

Image title


Сонымен қатар, ҚХА Аналар кеңесі, Медиация кеңесі және «Ассамблея жастары» төрағаларының ақпараттары тыңдалды. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Н.Шанаи Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің жұмысы туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Астана қаласының Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Ш.Пулатов Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру барысы және этномедиация туралы баяндады, «Қазақстанның татарлары мен башқұрттары конгресі» РҚБ төрағасы Т.Каримов Этномәдени бірлестіктің жұмысы туралы, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев «Ассамблея жастары» РҚБ жұмысы туралы ақпарат берді.

         Кездесу қорытындылары бойынша бірқатар ұсынымдар жасалды.