Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында

2023 жылғы 2 қазан                                           Астана қаласы

    Депутат Н.Дементьева Достық үйінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

    Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Хатшылық меңгерушісі М. Әзілхановтың төрағалығымен өтті.

    Жиында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларды іске асыру барысы және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәнмәтінінде ҚР Парламентіндегі «Бір ел – бір мүдде» Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа депутаттық топтың қызметі талқыланды.

    Аталған депутаттық бірлестік өз жұмысын ағымдағы жылдың маусым айында бастады. Бұл парламентаризм дамуының жаңа кезеңі, өйткені жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша палатааралық және партияаралық өзара іс-қимылдың нақты құралы қалыптасты.

    Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Кеңесте Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақов, Парламент Сенатының депутаттары Н. Жүсіп және З. Кузиев баяндама жасады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ. Ысқақов Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты XXXII сессиясында еліміздегі этносаралық саясаттың негізгі бағыттарына қатысты маңызды мақсат-міндеттерді айқындаған тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндады. Атап айтқанда, еліміздің этностарын біртұтас ұлтқа ұйыстыруға, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын ілгерілетуге, мемлекеттік тілді үйренуге ықпал етуге, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарын жетілдіруге және олардың азаматтық қоғам өкілдерімен, партиялармен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған шаралардың іске асырылуы туралы айтылды.

    Кеңес отырысы аясында оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрлерінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті, онда еркін форматта еліміздің этномәдени қоғамдастығы өкілдерін толғандыратын мәселелер талқыланды.