Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Баршаға ортақ мереке

2024 жылғы 19 наурыз                                                            Астана қаласы



Депутат Н.Дементьева ҚР Ұлттық музейінде өткен Наурыз мейрамы іс-шараларына қатысты

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесе отырып, «Наурыз – ел ұлықтаған ұлы күн» атты Наурыз мерекесіне орай кешенді іс-шара өткізді.

Image title


Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, еліміздің қоғам және өнер  қайраткерлері, ғалымдар, жұртшылық, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында іс-шараның негізгі мақсаты – түркі халықтарының мәдениетін, соның ішінде дәстүрі мен өнерін көрсету, ұлттар арасындағы мәдени бірегейлігін айқындай отырып, этномәдени мұраны сақтау мен тарату, өскелең ұрпаққа бай дәстүріміз бен мұрамызды жеткізу. «Наурызнама» деп аталатын онкүндіктің де түпкі мұраты осы, делінді.

Image title


Ұлттық музейдің алаңында түркі халықтарының ұлттық қолданбалы өнері мен материалды мәдениетіне қатысты көрме ұйымдастырылды. Қазақ халқының дәстүрлі жиһаздарының әдемі үлгілері – қолдан жасалған сандықтар, тұскиіз және түскестелер қойылды. Қонақтардың бесасық, тоғызқұмалақ, бестемше, ләңгі сынды ұлттық ойындарды ойнауға мүмкіндігі болды. Мерекелік іс-шара көрісу дәстүрінің театрландырылған көрінісімен басталып, Ұлттық музейдің жылдағы өткізетін тұсау кесу рәсімімен жалғасты.

Image title


Сондай-ақ мерекеде түркі халықтарының ұлттық киім үлгілері, өнері таныстырылды, шашу шашылды.

Құрметті қонақ ретінде шақырылған депутат Н.Дементьева тұсау кесу рәсіміне қатысып, құттықтау сөзін айтты.

         «Наурыз барша қазақстандықтарды біріктіретін ортақ мереке. Бұл күні табиғат оянып, күн мен түн теңеледі. Жаңа күннің дүниеге келуі жаңа жылдың келуін білдіреді. Бұл мерекенің біздің еліміз үшін маңызы өте зор. Бұл ынтымақ пен бірлік, достық мерекесі»,-деп атап өтті Н.Дементьева.