Исабеков
Данабек
Ержанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Экономикалық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылтудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 Анықтама

дөңгелек үстел мәселесі бойынша

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевпен 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру және салық қылмыстары бойынша кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін айқындаудың әділ тетігін енгізу тапсырылды.

Осы тапсырманы іске асыру мақсатында (Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 69-тармағы) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне түзетулер енгізуге бастамашылық жасалды.

Заң жобалары мыналарды ұсынады.

Толығымен қылмыссыздандыру:

- ҚК-нің 219-бабын (Кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану), ӘҚБтК-ге көшірусіз.

- ҚК-нің 241-бабын (ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу), ӘҚБтК-нің 239-бабының 6-бөлігіне көшіре отырып.

Анықтама: ӘҚБтК-нің 239-бабы тек заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейді, жеке тұлға үшін норма енгізіледі.

Ішінара қылмыссыздандыру:

- ҚК-нің 234-бабын (Экономикалық контрабанда), ӘҚБтК-ге көшірусіз.

- ҚК-нің 236-бабын (Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару), ӘҚБтК-ге көшірусіз.

Анықтама: қылмыстық жауапкершіліктің басталу шегі аса ірі мөлшерге дейін көтеріледі. ҚК-нің 234-бабы бойынша шегі 10 000-нан 20 000 АЕК-ке дейін, ҚК-нің 236-бабы бойынша 5 000-нан 10 000 АЕК-ке дейін көтеріледі.

Салық қылмыстары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың әділ тетігін енгізу шеңберінде ҚПК-нің 179-бабының
1-бөлігі 5) тармағымен
толықтырылды.

Енді:

- тиісті актісіз не қорытындысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екендігін көрсететін жеткілікті деректер бар қорытындысыз;

- актілерге жоғары тұрған органда не сотта шағымданған кезде;

- салықтардың есептелген сомаларын толық ерікті түрде өтеу кезінде (жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей не декларация ұсынбай мәмілелер бойынша есептеулер жүргізілген жағдайларды қоспағанда) істерді тіркеуге жол берілмейді.

ҚК-нің 3-бабы, ҚПК-тің 32, 187, 191, ӘҚБтК 722-баптарына ұғымдарды түсіндіру, санаттарды және тергеулік бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып сәйкестікке келтірілу тиіс.

Түзетулер құқықтың негізгі принциптеріне қайшы келмейді.

Түзетулер процестің бәсекелестігін күшейтуге, қылмыстық процесте азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Түзетулер республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

28.12.2023 жылы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді, № 644 хаттама (қолдау тапты).