КАЗАНЦЕВ
Павел
Олегович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Елімізде туризм инфрақұрылымын қалыптастыру туралы депутаттық сауал

 

2018 жылдың 12 қыркүйегінде жарияланды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә.Сағынтаевқа


Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!


Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылдың 1 қыркүйегінде Парламенттің сессиясының ашылуы кезіндегі сөзінде еліміздегі туризм мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін маңызды сала екенін атап өтті.

Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Біз туристік мақсатта тиімді пайдалану үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастыруымыз керек. Ал бұл проблеманы өз бетінше шешуге кез-келген бизнес субъектісінің шамасы жете бермейді.

Шілде-тамыз айларында Мәжіліс депутатарының өңірлеге іс-сапары аясында Алматы облысы тұрғындарымен кездесулер барысында анықталған мәселелердің бірі Алматы облысындағы туризмді дамытуға кедергі болып жатқан бірқатар жағдайлар болды. Өздеріңіз білетіндей Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан Шарын каньоны шамамен 5 млн. жыл бұрын қалыптасқан әлемде сирек кездесетін, жұмбаққа толы табиғаттың ғажайып сыйы. Әлемде Шарынға ұқсас каньон тек АҚШ-тың Аризона штатында ғана бар екен. Оған қоса таудан құлап ағатын, буырқанған Шарын өзені отандық, әсіресе шетелдік туристердің рафтинг спорты үшін таптырмайтын өзен ретінде қызығушылығын арттыру үстінде. Сонымен бірге бұл жерде әлемде сирек кездесетін, осыдан 5 млн. жыл бұрын пайда болған  әсем ағаш түрі – соғды шағаны (согдийский ясень) өседі.

Суының емдік қасиеті мол, алыс-жақын шетелдерге танымал Арасан да осы өңірде орналасқанын бүкіл ел біледі. Кейбір ұңғымаларда су температурасы 54 градуста, ал минералды суының құрамы атақты Сарыағаш суымен бірдей екен.

Келесі көтерілген мәселе сол аталмыш аудандағы Алатаудың ішінде, жасыл желекті ну орманның ортасында орналасқан «Подгорный» демалыс орны. Жазғы спорттық-туристтік демалыс орны жыл сайын мыңдаған мектеп оқушыларын қабылдады. Еліміздің аймақтарынан және Ресейден туристер келіп жатыр.

Осығажайып туристік орындар Алматы қаласынан 180 км жерде орналасқандықтан оны пайдалану барысында бірқатар болмашы кедергілер бар. Ол атап өтсек негізгі Алматы-Шонжытас жолынан Шарын каньонына апарар 6 км. жолдың сапасының сын көтермейтіндігі. Ал «Подгорный» демалыс орыны Қырғызсай ауылынан  5 шақырым жерде орналасқан және осы аралықтағы жолдың да сапасы тым нашар. Сонымен қатар осы көрікті жерлерге келе жатқан туристерді Алматы әуежайынан, теміржол вокзалынан тасымалдайтын халықаралық деңгейде қызмет көрсетуге лайық автобустардың болмауы да жағдайға теріс әсер етуде.  Өйткені көптеген отандық және шетелдік туристердің атап өтетін кемшілігі де осы болып отыр. Бұл жағдайда туристік қызмет көрсететін ұйымдар қаржылық жағдайына байланысты заманауи автобустар сатып алуға қол жеткізе алмай отырОлардың айтар өтініші лизинг, субсидия немесе басқа да қаржылық жолдарарқылы қауіпсіз және жайлы автобустар алуға мемлекет тарапынан қолдау болса.

Осы депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-ші бабына сәйкес жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

   

«Қазақстан халқы Ассамблеясы»

депутаттық тобының мүшеcі                        Ш.Нурумов


 «Нұр Отан»

фракциясының мүшесі                                 П.Казанцев


«Халықтық коммунистер»

Фракциясының мүшесі                                Т.Сыздықов


                                                                                  

орын: М.Ырысбекұлы

тел: 74-65-23