Кучинская
Юлия
Владимировна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Бір ел – бір мүдде» атты депутаттық тобы өз жұмысын бастады

 

023 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының қаулысымен «Бір ел - бір мүдде» палатааралық депутаттық тобы тіркелді. Ал 12 маусымда Сенат қабырғасында оның алғашқы отырысы өтті.

Қатысушылар кездесудің басында Абай облысында қаза тапқан «Семей орманы» қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Отырыс барысында топтың мәртебесін, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы туралы ережесі, сондай-ақ 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Мәжіліс пен Сенат депутаттары – «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері, сондай-ақ саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Алғы сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов қатысушыларды жаңа депутаттық бірлестіктің құрылуымен және жұмысының басталуымен құттықтады.

Ол өз сөзінде бұл парламентаризм дамуының жаңа кезеңі, өйткені ұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша партияаралық өзара іс-қимылдың нақты құралы қалыптасқанын айтты.

Кездесу барысында «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының жетекшісі Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының отырысында Парламентке ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша депутаттық бірлестік құру мәселесін пысықтауды тапсырғанын атап өтті.

«Депутаттық топтың негізгі мақсаты - елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы заңнамалық үйлестіруді және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан халқы Ассамблеясымен, азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету болып табылады», – деді Н.Жүсіп.

Кездесуге қатысушылар ҚХА қызметіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері депутаттарға мекеменің этносаралық келісімді нығайту саласындағы қызметі туралы айтып берді.