Кучинская
Юлия
Владимировна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Киберқауіпсіздік («Қазақстанның киберқалқаны») тұжырымдамасын іске асырудың алдын ала қорытындылары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары ағымдағы жылғы 26 маусымда кеңейтілген көшпелі тақырыптық отырыс шеңберінде Киберқауіпсіздік («Қазақстанның киберқалқаны») тұжырымдамасын іске асырудың алдын ала қорытындыларын талқылады. Іс-шара «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ базасында өтіп, оған мемлекеттік органдардың және өз қызметін киберқауіпсіздік саласында жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында мәжілісмендер мемлекеттік органдардың қол жеткізілген нәтижелері мен проблемалық мәселелер, сондай-ақ жалпы киберқылмысқа, соның ішінде телефон және интернет- алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс туралы баяндамаларын тыңдады. Мемлекеттік органдардың өкілдері мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректерді қамтитын ақпараттандыру объектілеріне қол жеткізу кезінде пайдалану міндеттілікке айналған дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисі жұмыс істейтіні туралы айтты. Депутаттар Қазақстан Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексінде 31-орынды иеленіп, Киберқауіпсіздік («Қазақстанның киберқалқаны») тұжырымдамасында белгіленген, күтілетін нәтижені айтарлықтай асырғаны туралы хабарландырылды. Сондай-ақ, кездесу кезінде отандық қосымшаларды әзірлеу мен ендіру мәселелері қозғалды. Мәжілісмендерге «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ базасында өрістетілген Киберқауіпсіздік («Қазақстанның киберқалқаны») тұжырымдамасының технологиялық өзегінің мүмкіндіктері көрсетілді. Тұтас алғанда, мемлекеттік органдар ауқымды жұмысты атқарғанын атап өткен жөн. Проблемалық мәселелерді шешу жөнінде Комитет Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберетін болады