Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін екіжақты визасыз режим енгізу мәселесі

Құрметті халайық! Қазіргі күні қоғамымызда Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін екіжақты визасыз режим енгізу мәселесі белсенді талқылануда. Таратып айтсақ, егер бұдан бұрын бұл мерзім, мәселен, өткен жылдан қазірге дейін қытайлық азаматтар үшін 14 тәулік деп белгіленсе, енді оны екі жақтың да азаматтарына бірдей отыз күнге ұзарту көзделіп отыр. Бұл ретте БАҚ өкілдері, жалпы азаматтарымыз осы тақырыпқа қатысты сұрақтарды халық депутаттарына жиі қоюы орынды. Сол себепті біздің әріптестеріміз құзырлы мемлекеттік  орындардан  кәсіби тұрғыдағы ақпарат  алып, өз аттарына түскен сауалдарына сауатты тиісті жауап бере алуы үшін біз  Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысын өткізгенін хабарлағым келеді. Осы отырысқа  Сыртқы істер, Ішкі істер, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктердің өкілдері қатысып, әр сала бойынша Қытаймен визасыз режимнің ұзаруы жағдайындағы тәуекелдерді жоққа шығарып, оны нақты мәліметтер және негізделген болжамдармен дәлелдеп берді.