Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Күн тәртібінде тау туризмі

Таяуда Сиань қаласында өткен «Қытай-Орталық Азия» саммитінде Президентіміз атап өткендей, Орталық Азияның ортақ дүниесі көп, сондықтан Жібек жолының ізімен туристерге осы өңір елдеріне бірдей визасыз режим орнату мүмкіндігі бар.

«Таудан артық ол тек тау ғой», -деп белгілі бард жырлағандай, осы тұрғыда бұрын болған, Алматыдан Ыстықкөлге дейін тура байланысты қамтамасыз ете алатын Үлкен Алматы көлінің маңындағы Озерный және Сары-Бұлақ, сондай-ақ Алматы облысындағы Көлсай көлдеріне жақын орналасқан асулары арқылы өтетін өткелдер - туристік жаяу соқпақты қалпына келтіру маңызды мәселе.

Екі ел Парламенті депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдар, туристік қоғамдастықтар мен ұйымдардың, кәсіпкерлер бірлестіктерінің келісілген жұмысының арқасында өткен жылдың тамыз айында пилоттық режимде екі жолдың бойымен Озерный мен Сары-Бұлақ асулары арқылы екі тау өткелімен жаяу жүру жобасы асырылды.

Алынған тәжірибе оған қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды пысықтауға мүмкіндік берді және осы бір кездері танымал тау бағдарларының тау туризмі үшін толық лайықтылығын растады.

Бұл бағыттар өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан 2009 жылға дейін жұмыс істеп, жыл сайын мыңдаған туристерді өткізгеніне де айрықша назар аудару маңызды.

Сол үшін тиісті органдар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің арасындағы трансшекаралық таулы маршруттар бойынша ұйымдастырылған туристік топтардың Қазақ-Қырғыз мемлекеттік шекарасын кесіп өтуін реттеу тәртібі туралы келісім жобасын» тезірек қарап қабылдаса, нұр үстіне нұр болушы еді.

Бұл мыңдаған біздің де және шетелдік туристерді қуантып, биылғы жазда ұйымдасқан туристік топтар үшін көптен күткен тіке бағыттар ашылуына құқықтық негіз болады.

Тау туризмі дамыған сайын қырғыз жағымен бірге осы саланы ілгерлетуге мол мүмкіндіктер ашылады.

Қысқасы, туризм бюджетке де, оған қатысы бар халыққа қомақты қаржы әкелетін пайда көзі екенін ұмытпасақ!