Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Талдықорған қаласындағы 8-ші орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысу

Талдықорған қаласындағы 8-ші орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстық, бұл нысан партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көзделген. Мектеп мың балаға арналған аралас мектеп екен, күрделі жұмысты жүргізуші мердігер компания оқу жылы басталғанша жұмыстың аяқталатынына уәде етті.


Талдықорған қаласының № 8 орта мектебі 1959 жылы салынған екен, 1200 бала осы ғимаратта екі сменамен білім алады.
Биыл күрделі жөндеуге қаражат бөлінді, құрылысты 10 маусымда бастап, 1 қыркүйекке дейін бітіруді жоспарлап отыр.
Инклюзивті білім беру үшін барлық жағдай жасалғаны қуантады.
Камераларды ІІД ЖБО-ға қосу арқылы қамтамасыз етілетін мектептегі қауіпсіздік жүйесі туралы да сөйлестік. Дабыл түймесі орнатылады, мектептің қоршауы, мамандандырылған күзет қойылатын болады. Сондай-ақ, таңертең мектеп жанында жол полициясы инспекторы кезекшілік етіп, мектепке кіретін бірінші ауысымдағы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігі туралы айтылды. Бүкіл қала бойынша мектептер мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етіледі.
Мектеп орталық су құбыры, кәріз және жылу жүйесіне қосылған, дәретханалар мектеп ішінде орналасқан екен .
Жөндеу жұмыстары оқу жылының басталуына дейін аяқталып, балалар келіп, парталарға отыра алады деп үміттенеміз , өйткені оқушылар сабақтарды сағынған шығар.