Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Бақанас ауылында бес қабатты 20 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысына бардық

Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында бес қабатты 20 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысымен таныстық. Құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың 1 наурызында басталған. Қазан айында аяқтамақшы. Қазір екінші қабатының қабырғасын қалап жатыр. Жауапты мердігер компания “Асан М компани” ЖШС.

Құрылыс жұмысының дұрыс өз мерзімінде сапалы орындалуы маңызды.

Бұдан бөлек бұған дейін ауданда көпбалалы аналар мен әлеуеті төмен отбасыларға, мемлекеттік қызметкерлерге 80 тұрғын үй салынып берілген.