Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Мағжан Жұмабайдың 130 жылдық мерейтойы

Еліміздің теріскейінде, Қызылжар қаласында, Сарытомар ауылында қаһарман һәм кемеңгер ақын Мағжан Жұмабайдың 130 жылдық мерейтойы өтті.

Бұл Қазақ Елінің рухани өмірінде дүбірлі де күмбірлі оқиға болды десем, қателеспеген болармын.

Барлық саналы да санаулы ғұмырын елінің азаттығы мен болашағына сарп еткен, басын өлімге тігіп, туындыларын «қаламымды малып жүрек қанына» деп жан бітірген, ақынның ұлы мұрасы Тәуелсіз Мемлекетіміздің айбынды ұранына айналды.

Бүгінгідей адамзатқа түскен қиын да күрделі кезеңде, Мағжан сынды ұлт қырандарының самғау биігі Алаш баласына қуат пен шуағын төгеді.

Ұлы Ақынның осынау мерейтойы аса жоғары шығармашылық және ұйымдастырушылық деңгейде өткізілгенін ерекше атағым келеді. Абылайхан қорғаған, Мағжан ақын толғаған, шөбі шүйгін, суы бал, алтын тәжді Солтүстік өңірінің мәдени-рухани, саяси, экономикалық салаларының қарыштай дамуына тілектеспін!