Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Алматы Жылу электр орталығы-2 станциясы

Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Сергей Пономарев және Айдос Сарым жұмыс сапары барысында Алматы Жылу электр орталығы-2 станциясына барды. Депутаттар объектінің жай-күйімен және құрылысымен танысып, мамандардың есептерін тыңдады. Одан соң кәсіпорынның жұмысын жақсартуға бағытталған қадамдар мен іс-шараларды талқылады.

Жылыту маусымында ЖЭО-2 жыл сайын шамамен 1,5 млн тонна көмір жағып, 660 мың тонна күл өндіреді. 2026 жылға қарай ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіру ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемін жылына 3000 тоннаға дейін (қазір 37 мың тонна) төмендетуге мүмкіндік береді.

– Қазір ЖЭО-2-де күніне бір жарым пойыз Екібастұздың қоңыр көмірі жағылады. Станция газға көшкеннен кейін шығарындылар 12 есеге азаяды. Бұл алматылықтардың денсаулығына оң әсерін тигізбек. Сонымен қатар Алматы және Алматы агломерациясының экологиясы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады, қаланың ауасы тазарады, – деді Сергей Пономарев.

Станцияны газға кезең-кезеңімен толық көшіру 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады.

Толығырақ parlam.kz сайтында.