Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының қызметімен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының қызметімен танысу үшін бардық.

Қазақстанның сыртқы саясаты бейбітшіл саясат екені белгілі, сондай-ақ біздің еліміз әлем бойынша бітімгерлік іс-шараларға қатысуда өте белсенді. Осы Орталық аталған операцияларға күштік құрылымдарымызды, оның ішінде әскерилерімізді жан-жақты даярлау үшін арнайы құрылған болатын. Мәжілісте қорғаныс істеріне қатысты комитетті басқарғандықтан бұл мекеменің жұмысы менің де ерекше қызығушылығымды тудырғанына жасырмаймын. Біздер Орталықтың конференц-залға, оқу корпусына барып, бітімгершілік операциялар орталығы (KAZCENT) қызметінің негізгі бағыттарымен таныстық. Осында әскерилерді БҰҰ миссияларына қатысуға бітімгершілік және тілдік даярлау жүзеге асырылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында БҰҰ аясындағы миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгершілік контингенттің әлеуетін арттыру міндетін шешуде. Осыған байланысты Орталықта әскери дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруға, оларды оқытуға мұқият қарауда. Контингент сапалы және жан-жақты дайындықтан өтететіне біздің де көзіміз жетті. Өз кезегінде біздер Орталық құрамын Парламент қызметімен жан-жақты таныстырдық. Біз осындай арнайы өкілдеріміз қатысатындай әлемдегі қақтығысты жерлер бұдан былай аз болады немесе ондай себеп мүлдем болмайды деп үміттенеміз. Өйткені, біздің тілегіміз дүние жүзінде бейбіт өмір болсын деген ақ ниет!