Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Қауіпті емес өндіріс қалдықтарын сұрыптаумен айналысатын «Green Recycle» компаниясымен кездесу

Қоқыс сұрыптау кешені

Біз әріптесім Сергей Пономарев екеуіміз Алматы қаласындағы жұмыс кездесулерімізді жалғастырдық. Бүгін Алатау ауданында орналасқан қауіпті емес өндіріс қалдықтарын сұрыптаумен айналысатын «Green Recycle» компаниясына бардық. Бұл компания қоршаған ортаның ластануы проблемаларын шешуге атсалысып жүрген кәсіпорны ретінде танымал. Ол Қазақстанның ірі де, шағын да өнеркәсіп орындарымен ынтымақтаса отырып, түрлі қалдықтарды сұрыптан, оларды кәдеге асыру үшін көп қызмет жасауда екен. Кәсіпорын қызметімен танысу барысында осыған көз жеткіздік. Бізге осы «Green Recycle» ЖШС еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін жұмыстанып жатқаны ұнады. Олар өз жұмысында қалдықтарды сұрыптау үшін замануи италиян және ағылшын технологиялар мен ұтымды шешімдерді қолданатыны қуантады. Жалпы өндіріс орындары қоршаған ортаға түрлі зиян келтіретіні белгілі, әсіресе түрлі қалдықтар полигоны ірі қалалар үшін үлкен проблемаға айналды. Сол себепті біз де Парламентте елдегі экологиялық проблемаларды шешуге арналған заңнаманы өзектендіруге күш салатын боламыз.