Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Тау туризмімен айналысатын шағын «KazAlpinClub» ұйымы

Мен және Парламенттің Алматы қаласынан сайланған бұрынғы депутаты Ерлан Смайлов осындағы альпинистер қауымдастығына мүшеміз. Сол себепті келесі кезекте ат басын тау туризмімен айналысатын шағын «KazAlpinClub» ұйымына бұрдық.

Жалпы ақ қарлы әсем тауларымыз бар біздер үшін альпинизм туризмін дамыту аса маңызды. Таулы жерде қыдырып, туған жер табиғатын тамашалау, тек денсаулыққа ғана пайдалы емес, сонымен бірге еліміздің имиджін көтеру, еліміздің көрікті жерлерін шетелге насихаттау үшін де қажет.

Сол үшін осы кездесу аясында тау туризмі қауымдастықтары өкілдерімен бірлесіп біздің туристер үшін шекара аралық тау бағдарлары бойынша кеңес өткіздік. Оның барысында біз тау туризмін дамыту мәселелерін талқыладық. Жаз кездерінде де тау соқпақтары бойынша жаңа бағдарлар жасау, оның ішінде Ыстықкөлге сапарларды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырдық.

Сонымен бірге күн тәртібіндегі жалпы Орталық Азияға ортақ тау туризмін дамыту, оның ішінде, тарихи Жібек жолы ізімен де жаңа саяхатшылар бағдарларын жасау мәселесі де әлем туристерін қызықтырады деген ойдамын.

Тұтастай алғанда, бұл саладағы біздің мүмкіндіктеріміз мол деп санаймын, сондықтан осы әлеуетімізді толық пайдалану қажет. Ол үшін өз ісіне берілген жоғары дәрежелі мамандар да жеткілікті екеніне осы кеңес барысында әбден көзіміз жетті.