Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Алматының Түркісіб ауданында орналасқан № 2 автобус паркі жұмысшыларымен кездесті

Ел Президенті айтқандай, елімізде ең алдымен еңбек адамының бедел-абыройы жоғары тұруы керек. Еліміздің түкпір-түкпірінде қарапайым жұмыскерлер халыққа қызмет көрсету үшін өз міндеттерін адалдықпен атқаруда. Сондықтан, біз Мәжілістегі әріптестерімізбен барынша өндіріс орындарында, еңбекші ұжымдарында жиі болуға тырысамыз.

Бүгін таңертең депутаттар Сергей Пономарев және Ерлан Стамбековпен бірге Алматының Түркісіб ауданында орналасқан № 2 автобус паркінде болып, жұмысшылармен емін-жарқын әңгіме болды.

Үлкен қалаларда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру оңай шаруа емес. Оның кедергісіз жұмыс істеу тек жүргізушілерге ғана емес, біздерге, жай жолаушылардың мәдениетіне де тікелей байланысты. Бұның айқын дәлелі өкінішке қарай, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған жолаушының автобустағы әйел жүргізушіні соққыға жығу секілді жақында осы қаламызда орын алған жайт. Сондықтан қала тұрғындары жүргізушінің де қиын еңбегін бағалап, ескерсе дейміз.

Осындағы жұмыскерлер Алматы қаласы тұрғындарын діттеген жеріне жетуі үшін барын жасауда. Автобустар паркі де жаңалануда. Былтырдың өзінде судай жаңа 600 автобус, 100 троллейбус, 100 оқушылар тасымалдайтын автобус сатып алынды. Биыл жаңа 100 электроавтобус сатып алынады.

Дегенмен, ірі қала болғандықтан әртүрлі қиындықтар да туындайды. Соған қарамастан осы Парк ұжымы өзіне жүктелген бағдарлар бойынша жолаушыларды тасымалдап, көпшілік көңілінен шығуда.

Біз жұмыскерлерге жаңа жылдан бастап елімізде орын алатын көптеген жақсы жаңалықтар туралы хабардар еттік. Түс қайта келесі еңбек ұжымындағы кездесуіміз күтіп тұр.