Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
«Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы» АҚ аралап, жұмысымен танысты

Бүгін әріптесім Айдос Сарым екеуіміз ҚР Төтенше жағдай министрлігіне қарасты «Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы» АҚ аралап, жұмысымен таныстық.

Үкімет қаулысымен 2012 жылғы құрылған осы оқу орталығы өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы бірден бір жан-жақты білім беретін ұлттық орталығы.

Азаматтық қорғау оқу орталығы қызметінің негізгі қызметі орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшы құрамы мен мамандарының, құтқару бөлімшелерінің басшы буынының, азаматтық қорғау саласындағы ықтимал қауіпті объектілердің басшы құрамы мен мамандарының біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау және азаматтық қорғау саласындағы ұйымдарға, азаматтарға әдістемелік көмек көрсету.

Бұл қызметтің негізгі мақсаты ең алдымен мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың басшы құрамы мен мамандарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жағдайларындағы іс-қимылдарға дайындау. Сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы басқару органдарының дайындық деңгейін арттыру әрі жалпы біліктілікті арттыру, даярлау және қайта даярлау.

Жалпы күнде өзгеріп жатқан алмағайып заманда азаматтық қорғаныс мәселесі өзекті. Одан басқа күнделікті өмірімізде өрт қауіпсіздігі де маңызды мәселе. Өрт қауіпі әсіресе, қыс айларында жоғары болатыны белгілі. Осы орайда біз Орталықтың қызметкерлері мен мамандары аталған салаларда тиісті мекемелер мен органдар өкілдеріне жоғары деңгейде әдістемелік көмек көрсетуге дайын екендіктерін байқадық.

Сонымен бірге Орталық жұмысында проблемалық мәселелер де баршылық екен. Заңнамалық тұрғыдан шешілетін жайттарды біз қарастыратын боламыз. Ал жалпы орталықтағы жоспарлы жұмыс жүйелі жалғасын табары сөзсіз.