Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Алматы қаласындағы проблемалық объектілерге ерекше назар аударады

Әріптесім Сергей Пономарев екеуіміз Алматы қаласындағы нысандарды аралау барысында проблемалық объектілерге ерекше назар аударамыз.

Осындай бір басында құрылысқа арналған жер учаскесін көріп қапа болдық.

Шұғыла шағынауданындағы, Алатау даңғылында орналасқан тұрғын үйлерден 20 метр қашықтықта ғана алып та терең карьер қазылған. Құрылыспен айналысқан «Qazaq Stroy» ЖШС-ті Алматы қаласы бойынша экология департаменті пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. #Енді экология мекемесі мен «Qazaq Srtoy» ЖШС арасында 3 жылдан астам уақыт бойы сот іс жалғасып келеді. Бұл ретте сот құзыретіне араласу орынсыз.

Жалпы заңсыз жер алуды немесе оны мақсатқа сай пайдаланбауын қадағалау «Amanat» партиясының жіті бақылауындағы жұмыс. Сол себепті осы проблемалық нысан біздің назарымыздан тыс қалмайды.