Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Алматы қаласы мен облысына қатысты сумен жабдықтау нысандары негізгі объект болды

Құрметті ағайын!

Өздеріңізге белгілі, Мәжіліс депутаттары жазғы каникул кезінде және жыл басында өз сайлаушыларымен кездеседі, халыққа қажетті нысандарды аралап, тиісті жұмыстардың орындалуына «Аманат» партиясы атынан бақылау жасайды.

Әріптесім Сергей Пономарев екеуіміздің бүгінгі болған объектілеріміз Алматы қаласы мен облысына қатысты сумен жабдықтау нысандары болды. Осы орайда айтарым, «судың да сұрауы бар» - деп дана халқымыз айтпақшы, жалпы әлемде ауыз су тапшылығы байқалып келеді. Оның үстіне еліміздегі өзендердің барлығы өз бастауларын көршілерден алатындықтан, су мәселесі біздер үшін өте өзекті болып отыр.

Сөз орайы келгенде ауыз суды пайдалану мен оны дұрыс жұмсау мәдениеті қалыптаспағанын ескеру керек. Жалпы су бағасы әлемдегі құнымен салыстырғанда арзан болғандықтан ба суды, соның ішінде ауыз суды көп ысырап жасаймыз, суды үнемдеу бұл өзіміз үшін, экономикамыз үшін маңызды екеніне мән бере бермейміз. Ал шынын айту керек, қарапайым халықты сумен қамтуда мемлекет барлығын жасауда.

Айталық, біздер бүгін аралаған Наурызбай ауданына арналған «Қаргалы» су жинақтау станциясының құрылысы мен Ақсай өзені бойындағы су алу орны Мемлекет Басшысы былтыр Алматы қаласына барған сапары кезінде берілген тапсырмаға сай салынуда. Өйткені, Президент айтқандай, күні бүгінге дейін 30 мыңдай қала тұрғыны ауыз суды тасып ішуге мәжбүр.

Алдағы уақытта «Қарғалы» су сүзгі станциясы 50 мың адамды сумен қамтитын болады. Осындай Ақсайдағы станция құрылысы 2025 жылдың аяғына дейін бітеді. Бұл Наурызбай ауданының 150 мың тұрғынын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Қарғалы» нысанының құны 6,8 млрд. әрі ол биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал 30 млрд. теңгеге жуық сметасы ұлғайған «Ақсай» су жинақтау стансасы құрылысы қазір өте қарқынды жүруде. Ол Алматы қаласының бірқатар шағынауданын әрі оның іргесіндегі Алматы облысының бірнеше елді мекендерін сумен тұрақты қамтитын болады. Қысқасы, Ел Басшысының тапсырмасы уақтылы орындалып, қарапайым жерлестерімнің судан тапшылық көрмейтініне қуанып қайттым.

Ендігі мәселе, жоғарыда айтқанымдай суға деген жайбарақат көзқарасымызды өзгертіп, оны үнемдеп, ұсынақты жұмсасақ деген ойдамын. Алдағы кезде де сайлаушыларыма есеп ретінде сапарларым туралы қысқаша ақпарат беріп тұратын боламын.